Бұл оқиға сабақ болуы тиіс - Тоқаев Астанада өрттен қаза тапқан бес бала жайлы

04 Ақпан, 16:44
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Астанадағы өрттің салдарынан бес баланың қаза болғаны туралы қаралы хабар қабырғамды қайыстырды. Бұл нағыз қасірет. Қаза болғандардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл оқиға тиісті мемлекеттік органдарға және жалпы қоғамымызға сабақ болуы тиіс", - деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген. 

Астанадағы қайғылы оқиға: Бес баланың өмірін жалмаған өрттің мән-жайы

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай