29 мамыр 2015 10:56

"ҚазАгро" холдингі" АҚ Басқарма төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма Төрағасы болып Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма Төрағасы болып Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылғы 28 мамырдағы Жалғыз Акционердің шешімімен және Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма Төрағасы болып Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлы тағайындалды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Холдинг ұжымына жаңа басшыны таныстыру барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлының қаржылық институттарда, сонымен қатар "ҚазАгро" Холдингінің құрылымдарында жұмыс істеудің үлкен тәжірибиесі бар екендігін атап өтті. Министрдің сөзіне сәйкес бүгінгі күні Холдинг пен оның жаңа басшысының алдында үлкен тапсырмалар тұр. Оның ішінде - 2011-2020 жылдарға "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ даму Стратегиясына еншілес компаниялардың қызметін оңтайландыру мен оның орындалуын бағалауды ескере отырып өзгерістер енгізу.

Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлы 1971 жылдың 17 қыркүйегінде Торғай облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлкеттік университеті экономика факультетінде білім алған. Еңбек қызметін 1995 жылы "Тұран Банкінде" бастаған. Әр жылдарда "АТФ Банк" ААҚ, "ASTANA CAPIТAL InvestmentGroup" ЖШС басшы қызметтерінде болған.

2009 жылдан бері «ҚазАгро» Холдингі жүйесінде қызмет етіп жатыр: "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарушы директоры, "ҚазАгроҚаржы" АҚ Басқарма Төрағасы, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма Төрағасы. 2015 жылдың мамыр айынан "ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзінің құрамына енетін компаниялардың инвестициялық активтерінің тиімді басқарылуын қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроГарант" АҚ және "ҚазАгроМаркетинг" АҚ енеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети