28 қазан 2021 10:58

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының президенті Әмірлан Құсайынов қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов

ҚазБСҚА-ның президенті және Қазақ-Америка университетінің (ҚАУ) негізін қалаушы, профессор Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚазБСҚА-ның президенті және Қазақ-Америка университетінің (ҚАУ) негізін қалаушы, профессор Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылғы 27 қазан күні, 65 жасқа қараған шағында біздің аяулы досымыз әрі қадірменді тәлімгеріміз, өз дәуірінде аңыз адамға айналған, ҚазБСҚА-ның Құрметті президенті және ҚАУ негізін қалаушы, профессор Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов мезгілсіз өмірден озды.

Қазақстанның сәулет-құрылыс саласындағы өмірі - өнеге, тағдыры - тағылым нар тұлғамыздан қапыда айырылып қалғанымыз қабырғамызды қайыстырды. Кісілік келбетімен, парасат-пайымымен, адами биік тұлғасымен, өзіндік берік ұстанымымен өз ортасынан ойып тұрып орын алған Әмірлан Айдарбекұлы, шын мәнінде, елінің елеулісі, халқының қалаулысы болды", - делінген Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы хабарламасында.

29 қазан күнін Халықаралық білім беру корпорациясында аза тұту күні деп жариялаған.

Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов 1957 жылы 25 қыркүйек күні Алматы қаласында лингвист Құсайынов Айдарбек Нұрымұлы және дәрігер Құсайынова Ғазиза Қасқайқызының отбасында дүниеге келген.

1979 жылы МИҚИ (Мәскеу) Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс факультетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша үздік бітірген. 1983 жылы ОҚКҒЗИ-де (Мәскеу) "Динамика мен сейсмотұрақтылықтың диссипативті жүйелерінің дискретті-континуальды модельдері" тақырыбында кандидаттық, ал 1994 жылы докторлық диссертациясын қорғаған.

Еңбек жолын 1983 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтында (АСҚИ) "Құрылыс механикасы" кафедрасының аға ғылыми қызметкері, ассистенті, доценті болып бастады.

1987-88, 1991, 1992 жылдары Беркли қаласындағы (АҚШ) Калифорния университетінде, Киото университетінде (Жапония), Цзилинь университетінде (Қытай) ғылыми тағылымдамадан өтті.

1994 жылдан бастап "Құрылыс механикасы" кафедрасының меңгерушісі, 1997 жылдан бастап ҚазБСҚА ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді. 

2000 жылдың қаңтарында Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының ректоры болып тағайындалды, ал 2002 жылдан бастап Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) президенті болды. 2020 жылдан – ҚазБСҚА-ның құрметті президенті.

Құсайынов – 150-ден аса ғылыми-әдістемелік және қоғамдық-эдукологиялық еңбектердің авторы, оның ішінде 105 ғылыми және 38 әдістемелік жұмыс, 4 монография, 4 оқулық, 4 томдық орыс-ағылшын-қазақ сөздігі, 10 авторлық куәліктер мен патенттер бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети