Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақ жігіті әлемнің ең ақылды адамдарының тізіміне кірді

07 Сәуір 2016, 09:07
0
© instagram.com/dimashadilet
© instagram.com/dimashadilet

Қазақстандық Димаш Әділет интеллекті коэффициенті жоғары адамдарды біріктіретін Mensa халықаралық ұйымының мүшесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шамамен бір ай бұрын мен бірінші рет стандартталған IQ-тест тапсырып көргім келді. Таяуда оның қорытындысын алдым, қуанышыма орай, 99 процентили көрсеткішін алғаным үшін мені Мensa International ұйымына кіруге шақырды", - деп жазды Димаш Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұйымда Қазақстанның басқа өкілі жоқ. "Мен ел имиджін осы ұйымда қолдағаныма қуаныштымын, адамзат интеллектінің дамуына да қолдау әрі үлес қосқым келеді", - деп жазды Димаш.

Mensa International - интеллекті коэффициенті жоғары адамдарды біріктіретін халықаралық ұйым. Ол 1946 жылы ашылған. Стандартталған IQ тестілеуінен 98 пайызынан асырып жинаған кез келген адам ұйымға мүше бола алады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай