17 наурыз 2021 12:41

Қазақ КСР халық әртісі Нариман Қаражігітов өмірден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нариман Қаражігітов Нариман Қаражігітов

Қазақ шығармашылық интеллигенциясы орны толмас қайғыға душар болды. Опера жанрының грандтарының бірі Қазақ КСР Халық әртісі Нариман Нұрмұхамедұлы Қаражігітов 87 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақ шығармашылық интеллигенциясы орны толмас қайғыға душар болды. Опера жанрының грандтарының бірі Қазақ КСР Халық әртісі Нариман Нұрмұхамедұлы Қаражігітов 87 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әртіспен қоштасу рәсімі 16 наурызда туыстары мен достарының арасында өтті.

Мэтр бүкіл өмірін өнер мен ағартушылыққа арнады, Нариман Қаражігітов керемет әнші ғана емес, сонымен қатар жас орындаушылардың тәлімгері. 1979 жылдан бері ол Алматы консерваториясының доценті, кейін Қазақ мемлекеттік ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры болды.

Нариман Қаражігітов. Фото:conservatoire.edu.kz

Маэстро репертуарында классикалық қазақ және шетел операларынан ариялар, сондай-ақ қазақ халық әндері, орыс романстары мен шетел композиторларының әндері болды.

Нариман Қаражігітов орындаған Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас", "Қор болған жаным", "Көзімнің қарасы" және басқа да әндері Қазақ радиосының фонотекасында сақтаулы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети