13 наурыз 2017 16:29

Қазақ тілі ҰБТ-дан алып тасталды - Тестілеу орталығы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық тест орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеуден "Қазақ тілі" пәнінің жоқ екенін ресми мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осылайша, Әлімқұловтың сөзіне қарағанда, Ұлттық бірыңғай тестілеудің ресми бекітілген жаңа форматында "Математикалық сауаттылық", "Оқу сауаттылығы" және "Қазақстан тарихы" атты үш пән міндетті пән болып қалған және 2 бейіндік пән қосылған.

Оның айтуынша, "Қазақ тілінің" сұрақтары "Оқу сауаттылығы" деген пәннің ішінде ішінара кездеседі. Ал ана тілі мектептегі қорытынды аттестацияда қалған.

Басылымның мәліметінше, бұрын орыс мектебінде оқитындар қазақ тілін тапсырғанымен, оның балы оқуға түсерде саналмай келген.

"Мен сіздерге айтайын, қазақ тілі бұрын да  формальді түрде ғана тапсырылды. Енді қазір мүлде алып тастадық. Қазақ тілі мектеп деңгейіндегі емтиханда қалды", - деді Білім министрлігі Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Дархан Ахметзакиев.

"Қазір орыс мектебінде қазақ тілі, қазақ мектебінде орыс тілі оқытылады. Қорытынды аттестацияда бұл екі пән де қалды. Қорытынды аттестацияда  орыс тілінде оқығандар қазақ тілінен эссе жазады. Бұрын да Бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ тілінің балы саналмайтын. Енді жаңа форматта қазақ тілі аттестат алуға тапсырылатын бес емтиханның ішінде бар. Эссені үш сағат жазады. Орыс тілінде оқыса - орыс тілінде, қазақ мектебінде оқыса - қазақ тілінде жазады", - дейді Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры  Жаңыл Жонтаева.

Айта кетейік, бұл жаңа формат 2017 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети