Қазақ тілінде жүктілік жайлы кітап жарық көрді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жанар Көбекбай егіз қыздары Әдия мен Зере. Жеке мұрағатынан Жанар Көбекбай егіз қыздары Әдия мен Зере. Жеке мұрағатынан

Қазақстанда алғаш рет "Ана бақыты немесе жүкті әйелге арналған күнделік атты" қазақ тілінде кітап жарық көрді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кітаптың авторы журналист, егіз қыздардың анасы Жанар Көбекбай. Кітаптың тұсаукесері 6 ақпан күні Астана қаласында өтті. Қазақ тілінде жүктілік пен босану туралы кітап жазу туралы ой авторға өзі жүкті кезде келген екен. Жанардың айтуынша, ғаламторда, кітап дүкендерінде болсын, жүктілікке қатысты анықтамалықтар, кітаптар көп, бірақ олардың барлығы орыс, ағылшын тілдерінде. Қазақ тілінде жүктілік, босану жөнінде толық мағлұмат беретін кітап жоқтың қасы. "Мен жүктілігімнің алғашқы айларынан бастап қазақ тілінде болашақ ананың күнделігін жүргізе бастадым. Кейіннен егіз қыздарым туылған соң осы тақырыпта ізденіп, біршама материалдар жинақтадым. Бір тарауды егіз балаларды тәрбиелеуге арнадым, сондай-ақ қазақтың ана болуға, жүктілікке қатысты дәстүрлері туралы да танымдық дүниелерді кітапқа енгіздім", - дейді Жанар. Болашақ аналар өзінің және бойына біткен нәрестесінің денсаулығына бей-жай қарамай, уақытында тіркеуге тұру секілді жүктілік кезіндегі міндеттерін түсінбей жатады. Автор осындай қазақ тіліндегі қажетті кітаптар болашақта алыс ауылдарда тұратын нәзік жандыларға жетіп, олар ана болу бақытының, жүктіліктің қыр-сыры туралы толық ақпарат алуына мүмкіндік тудыру қажеттігін жеткізді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro