05 қазан 2017 13:00

Қазақ-түрік лицейінің оқытушылары қандай жағдайда Қазақстаннан пана алатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақ-түрік лицейінің оқытушылары қандай жағдайда Қазақстаннан пана ала алатыны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақ-түрік лицейінің оқытушылары қандай жағдайда Қазақстаннан пана ала алатыны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әзірше Түркия азаматтарын беру туралы өтініш түскен жоқ. Ал адам Қазақастанда пана табуы үшін себеп салмақты болу керек, мысалы отанында нәсілдік, этникалық немесе саяси көзқарасы үшіне қудалауда болуы. Азаматтық беретін өкілетті орган бар, азаматтық берілуі үшін бірқатар шарт орындалуы тиіс. Көші-қон полицицясы өтінішті қабылдамаса, олар сот немесе басқа органдарға арыздана алады", - дейді Ахметжанов Сенат отырысынан тыс. 

Ахметжанов әзірше қазақ-түрік лицейінің оқытушылары отаны Түркияға берілу-берілмеуін нақты айта алмайтынын атап өтті.

"Әрбір жағдайда қос тарап келіссөз өткізеді. Сұраныс берген тарап өз азаматтарының іс-әрекеті өз елінде де, бізде де қылмыс болып келетінін дәлелдеуі қажет", - деп түсіндірді Ахметжанов. 

Мұның алдында Павлодардағы қазақ-түрік лицейінің екі оқытушысы Демирель Осман және Алтынташ Иса еліне қайтудан қорқып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан бассауға сұрағаны хабарланған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети