Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

"Қазақмыс" Ан-2 апаты құрбандарының отбасына өтемақы төлейді

09 Ақпан 2015, 11:06
0
Апатқа ұшыраған Ан-2. ©Tengrinews.kz
Апатқа ұшыраған Ан-2. ©Tengrinews.kz

"Қазақмыс" Ан-2 апатынан қаза болған және зардап шеккен қызметкерлердің отбасыларына өтемақы төлеуге шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, Үкімет тарапынан тағайындалған комиссияның Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауының себеп-салдарын тексеру жұмыстарының соңғы шешімін күтпестен, апатқа ұшырағандардың отбасыларына өтемақы төлеуге шешім қабылдады", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, корпорация өкілдерінің айтуынша, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің 3 жақты: жұмыс беруші, жұмыскерлер және кәсіподақ ұйымының біріккен ұжымдық шартында көрсетілгендей, жұмыс кезінде қаза тапқан жұмыскерлердің отбасына, асыраушысынан айырылған жағдайда орташа жалақының 10 жылдық үстемеақысы бірден төленеді. Ал қайтыс болғандардың кәмелетке толмаған балаларына кәмелет жасына толғанға дейін ай сайын тұрақты жәрдемақы тағайындалды.

Мұнымен бірге, Әсем Шаяхметоваға емделу шығының жалпы сомасы анықталғаннан кейін төлемақы төленетіні белгілі болды. "Компания барлық емдеуге кеткен шығынды өз мойнына алады. Сонымен қатар Әсем Шаяхметоваға ем қабылдау кезінде оған ай сайын 750 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленіп тұрады", - дейді корпорация өкілдері. Айта кетейік, компания бірінші күннен бастап Әсем Шаяхметованың ата-анасының Астана қаласында тұруын қамтамасыз етіп жатқаны хабарланған болатын. Ата-анасының Әсемнің емі біткенге дейінгі жалға алған пәтерінің ақысын компания төлейтіндігі туралы шешім қабылданған. Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу және ұйымдастыру шығынын да компания өз мойнына алған болатын.

Еске салайық, Ан-2 ұшағы 20 қаңтар күні сағат 15.40 шамасында "Шатыркөл" кен орны ауданында апатқа ұшыраған еді. "Олимп Эйр" серіктестігіне тиесілі ұшақ Балқаштан кен орнына ұшып шыққан. Ұшақтың апатқа ұшырауына тұман себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Тергеу оқиғаға себеп болуы мүмкін бірнеше жайтты тексеріп жатыр. Ұшақтың бортында жеті адам болды, оның үшеуі - экипаж мүшесі. Алты адам қаза тапты. Олар: "Қазақмыс" қызметкерлері Ғабит Төлеубаев, Ербол Ыбыраев, Ұлбазар Есмағанбетова және экипаж мүшелері: Валерий Клюшев, Виктор Савельев және Василий Литвинов. Апаттан жалғыз адам - "Қазақмыс" компаниясына қарасты "Балқаштүстімет" ӨБ бас геологы Әсем Шаяхметова ғана тірі қалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай