31 желтоқсан 2017 13:11

Қазақстан 140 тонна астықты Ресейге қайтарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илююстрация © Марат Әбілов Илююстрация © Марат Әбілов

Қазақстан ілеспе құжатсыз әкелінген 140 тонна астықты Ресей Федерациясына қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан ілеспе құжатсыз әкелінген 140 тонна астықты Ресей Федерациясына қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2017 жылдың 28 мен 29 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясынан Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 28 жүк автомашинасымен 560 тонна астық тасымалданды. Соның ішінде 7 автокөлікке тиелген 140 тонна астық ілеспе құжатсыз әкелінуіне байланысты, кері қайтарылды. Аталған фактілер бойынша 250 мың теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылды. Айта кетерлік жайт, аталған мобильдік топ тәулік бойы жүмыс істейді", - деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашлығы министрлігіндегілер.

Айта кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ ҰК арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен астықты сатып алудың ашықтығын қамтамсыз ету мақсатында, Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда астықтың тасымалдауын мониторингтеу мақсатында жедел штаб пен мобильдік топ құрды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети