11 маусым 2014 | 16:27

Қазақстан EXPO-2017 көрмесінің қожайыны деп ресми түрде танылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР СІМ баспасөз қызметі ©ҚР СІМ баспасөз қызметі

Астана қаласы EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің қожайыны деп ресми түрде танылды. Бүгін, 11 маусым күні Францияның астанасында Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155-сессиясында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық ресми делегацияға бюроның туы салтанатты жағдайда табыс етілді, - деп хабарлайды шараға қатысып жатқан Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласы EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің қожайыны деп ресми түрде танылды. Бүгін, 11 маусым күні Францияның астанасында Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155-сессиясында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық ресми делегацияға бюроның туы салтанатты жағдайда табыс етілді, - деп хабарлайды шараға қатысып жатқан Tengrinews.kz тілшісі.

Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясы сессиясының жұмысына ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен бірге оның бірінші орынбасары - EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің жоғарғы комиссары Рәпіл Жошыбаев және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев та қатысып жатыр. Алдымен сессия жұмысына қатысушылар EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізуді мақұлдау үшін дауыс берді. Содан кейін қазақстандық тарапқа ХКБ туы табыс етілді.

Ерлан Ыдырысов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін жеткізді. "Қазақстан үшін EXPO-2017 көрмесін өткізу - үлкен құрмет, еліміз бұл шараны ТМД көлемінде тұңғыш болып өткізеді, біз мұндай ірі ауқымдағы шара бүкіл әлемдегі дамуға ықпал етеді деп ойлаймыз" делінген Елбасының үндеуінде. Халықаралық көрмелер бюросы туының Астанаға EXPO-2017 көрмесі қожайыны ретінде ресми түрде табыс етілуі Қазақстанда бұл маңызды шараға шетелдіктерді тарту мен оны әлемге насихаттаудың кең ауқымды жұмыстарының жаңа, нақты істер кезеңін бастауға мүмкіндік беріп отыр.

Айта кетейік, сәуір айында Халықаралық көрмелер бюросының Париждегі штаб-пәтерінде 2017 жылы еліміз өткізетін көрменің тіркеу құжаттамасы сәтті қорғалған болатын. Халықаралық көрмелер бюросына бүгінде әлемнің 168 мемлекеті мүше. Бюро Бас ассамблеясының 155-сессиясында ұйымның жаңа мүшелерінің жарна көлемін бекіту, Бейжің-2019 халықаралық бағбандар көрмесін өткізуді мақұлдау, Милан-2016 триенналесін бекіту сияқты басқа да мәселелер қаралып, есептер мен баяндамалар тыңдалды.

Еске салайық, 2012 жылдың 22 қарашасында Халықаралық көрмелер бюросы мүшелерінің құпия дауыс беруі нәтижесінде Астана қаласы 2017 жылғы көрмені өткізу құқығын жеңіп алған еді. Бұл құқыққа Бельгияның Льеж қаласы да таласқан болатын. Мемлекет басшысы EXPO-2017 көрмесін "Қазақстанның ұлттық жобасы" деп атады. Көрме 2017 жылы маусым-қыркүйек айлары аралығында өтеді. Тақырыбы - "Келешектің энергиясы". Оған 100-ден астам елден және инновациялық технология саласындағы халықаралық ұйымдардан 5 млн-ға жуық адам келеді деген жоспар бар.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети