Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Назарбаев EXPO-2017 көрмесі кешенінің құрылысын бастап берді

24 Сәуір 2014, 17:10
0
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Баубек Қоңыров
Нұрсұлтан Назарбаев. ©Баубек Қоңыров
©Баубек Қоңыров
©Баубек Қоңыров
©Баубек Қоңыров
©Баубек Қоңыров

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешені құрылысының орнында капсула салу салтанатына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елбасы осылайша кешен құрылысын салтанатты жағдайда бастап берді.

"Бүгін біз EXPO-2017 нысандары құрылысын бастадық. Маңызды нысан. Жылдар бойы Астананың көптеген нысанының құрылысын бастап бердім, бүгінде Астана әсем қалаға айналды. Астананың 20 жылдығы EXPO-2017 көрмесінің ашылуымен тұспа-тұс келеді. Мұндай нысанды бұрын-соңды тұрғызған емеспіз. Шын мәнінде, бұл Астананың жаңа орталығы болады, бұл - өте бірегей әрі тамаша нысан, мұнда бұрын болмаған инновациялық нысандар орналасады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты шарада.

Елбасының айтуынша, құрылыс кезінде тың сәулеттік шешімдер мен технологиялар іске асырылады. "Нысандардың көбі "жасыл" энергетикамен қамтамасыз етіледі, яғни жел, күн қуатымен және ол біздің ғалымдарымызға, жастарымызға үлкен зертханалық тәжірибелер жасауға қызмет етеді", - деді Президент.

Президент кешен құрамында 4000 пәтер, жаңа қонақүй, Конгресс-холл және университтен орталыққа дейінгі үсті жабық қалашық салынатынын айтты. "Бұл жабық аймақта бүркемеленген көңіл көтеру орындары мен сауда нүктелерінің кешені болады. Ең бастысы, павильон диаметрі 80 метр болатын шар пішінінде болады, оның жалпы биіктігі - 100 метрге жуық. Оның айналасына халықаралық павильондар орналасатын болады", - деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл нысандардың бәрінің жұмысы үшін еріктілер қажет болатынын айтты. "Көрменің өзімен бірге біз өзіміздің көпұлтты мәдениетімізді, тарихымызды, біздің өнерімізді көрсетуіміз керек. Мұның бәрі бізден, Үкіметтен, қала әкімдігінен, барлық министрліктен, ведомстволардан көп жұмысты талап етеді. Мен алдымызда тұрған міндетті лайықты орындауға сәттілік тілеймін. Ол ерекше, үлкен міндет, бірақ біз оны абыроймен орындаймыз", - деді Назарбаев.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылыстың жалпы ауданы - 174 гектар, мұнда ауданы 1 млн шаршы метрден асатын нысандар тұрғызылатын болады. Ұлттық компания жетекшісі Мемлекет басшысына көрме кешенін салудың жұмыс кестесін көрсетті. Негізгі құрылыс-жөндеу жұмыстары 2014 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың желтоқсанына дейінгі аралыққа жоспарланып отыр. Жұмыстың жоспары немістің "Альберт Шпир" компаниясымен бірге жасалған.

Салтанатты шараға Премьер-министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин, Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен "Астана ЭКСПО-2017" басқарма төрағасы Талғат Ермегияев та қатысты.

Халықаралық көрме аясында елордада жабық көше тұрғызылатыны бұған дейін де хабарланған еді. "Біз Назарбаев университеті жағынан ұзындығы 500 метр болатын көше салу туралы келісіп жатырмыз, ол көшенің үсті түгел жабылады. Онда адамдар қысы-жазы емін-еркін қыдыратын болады. (...) Мен бұрын үсті жабық қалашық туралы айтатынмын, енді бұл идея іске асырылатын болады", - деген болатын Мемлекет басшысы "Астана EXPO-2017" кешенінің сәулет жобасының таныстырылымы кезінде.

Сондай-ақ, бұған дейін EXPO-2017 көрмесін өткізу аумағында жүздеген мың шаршы метр ауданды қамтитын тұрғын үйлер салынатыны да хабарланды. Үйлер тұрақты даму қағидалары мен жасыл технологиялар бойынша тұрғызылады. 

Еске салайық, 2012 жылдың 22 қарашасында Қазақстан EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алған болатын. Көрмелердің халықаралық бюросына мүше елдердің құпия жағдайда дауыс беруі Парижде өтті. Астана қаласы 103 дауысқа ие болды. Көрменің тақырыбы - "Келешектің энергиясы". Елбасы бұл көрмені Астанада өткізуді "Қазақстанның ұлттық жобасы" деп атады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай