Қазақстан Әблязовтің балдызының ісіне байланысты Литваға наразылық нотасын жолдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сырым Шалабаев Сырым Шалабаев

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мұхтар Әблязовтің балдызы - Сырым Шалабаевқа қатысты іске байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрлік Шалабаевтың ісіне қатысты Литваға наразылық нотасының жолданғанын растады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мұхтар Әблязовтің балдызы - Сырым Шалабаевқа қатысты іске байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрлік Шалабаевтың ісіне қатысты Литваға наразылық нотасының жолданғанын растады.

"Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің Литва Сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдағанын растаймыз. Нотаның мазмұнын жариялау заңға қайшы. С. Б. Шалабаевты Қазақстанның және Украинаның құқық қорғау органдары іздеп жатқаны белгілі. Оған "БТА Банк" акционерлік қоғамының қаражатын жымқырды және ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында оны жүзеге асырды деген айып тағылды", - делінген хабарламада.

СІМ мәліметінше, Лондонның Жоғарғы соты Сырым Шалабаевтың қылмысқа қатысы барын анықтаған. "Бұл мәселеге қатысты қосымша ақпаратты Қазақстанның құқық қорғау органдары бере алады", - делінген министрліктің жауабында.

Айта кетейік, шетелдік ақпарат құралдары наразылық нотасының жолдануы Сырым Шалабаевқа баспананың ұсынылуымен байланысты екенін болжады.

Шалабаев 28 шілдеде Вильнюсте ұсталды. 30 шілдеде Вильнюстің жергілікті соты оны 3 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. 2011 жылы Сырым Шалабаевты сотқа құрметсіздік көрсеткені үшін Лондонның Жоғарғы соты 18 айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен болатын. Дегенмен ол сот төрелігінен қашып, нәтижесінде оған іздеу жарияланды.

Еске сала кетейік, Сырым Шалабаевқа Украина билігінің сұранымы бойынша іздеу жарияланған болатын. Ол БТА Банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязовпен және тағы да басқа тұлғалармен бірге Қазақстанда, Украинада, Ресейде және тағы да басқа елдерде бірнеше миллиард доллар сомасында қаражатты иемденіп, жаратты деп айыпталып отыр. Украинада Сырым Шалабаев 300 миллион доллардың мүлкін жаратты және иемденді делінеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer