13 қараша 2021 16:10

"Қазақстан аруы - 2021" байқауында дауыс беру басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан аруы - 2021" байқауының ресми сайтында халықтық дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақстан аруы - 2021" байқауының ресми сайтында халықтық дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші онлайн-дауыс беру жеңімпаздары автомат түрде финалистер қатарына кіреді. Осылайша, биыл сұлулық байқауына бірінші ресми қатысушыны халық және 14 финалисті қазылар алқасы мүшелері таңдайды. Тағы бір финалист таланттар байқауының жеңімпазы болады. 

Биыл қазылар алқасының мүшелері: әнші Мәдина Сәдуақасова, актер Тәуекел Мүсілім, стилист және Kazakhstan Fashion Week негізін қалаушы Алексей Чжен, "Қазақстан аруы - 2013" және тележүргізуші Айдай Исаева, публицист Виктория Момынбаева, Effective Media Liaison ЖШС директоры (Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz) Сұңқар Қарабалин, қоғам қайраткері Совет Сейітов, "Қазақстан аруы" директоры Алена Қырбасова және қазылар алқасының төрағасы - әлемге әйгілі скрипкашы Марат Бисенғалиев.

Байқаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қазылар алқасы гранд-финалға өтетін 5 аруды таңдайды. Олар өзі туралы айтып береді. Одан әрі тікелей эфирде тағы бір дауыс беру жүреді, онда қазақстандықтар бес арудың ішінен жеңімпазды таңдайды.

25-рет өткелі тұрған "Қазақстан аруы" байқауының финалы 16 қарашада өтеді. Онда бүкіл республикадан жиналған 28 финалист тәж үшін күреседі. 

Тікелей эфир "Қазақстан аруы" байқауының ресми YouTube-арнасында көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети