01 қазан 2014 11:11

Қазақстан әскері 12 мың сарбазбен толығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ©Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан армиясы жаңа шақырылған 12 мың сарбазбен толығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан армиясы жаңа шақырылған 12 мың сарбазбен толығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1 қазаннан бері Қазақстанның Қарулы күштерінің бөлімдері мен құрамаларын жас сарбаздармен жасақтау жөніндегі медициналық және шақыру комиссиялары жұмысын бастады. Биылғы күзде әскерге 12 мың сарбаз шақырылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әскери бөлімдерге іріктеу мен бөлуде жігіттердің шақырылғанға дейін алған мамандығы ескеріледі. Күзгі шақыру "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңға және Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарын 2014 жылдың сәуір - мамыр айларында және қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлығына сәйкес жүргізіледі. Әскерге шақыру 18-27 жас аралығындағы шақыруды кейінге қалдыру құқығы жоқ немесе шақырудан босатылмаған азаматтарға қатысты. Мерзімді әскери қызмет сарбаздары үшін әскери борышты өтеу мерзімі - 12 ай.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстан әскеріне 10 мыңнан астам жас сарбаз алынған. Бұған дейін 2016 жылы Қазақстан әскерінің кәсіби армияға айналатыны хабарланған еді. Қорғаныс министрлігі алдағы екі жылда кәсіби армияға көшуді аяқтағалы отыр. Қазір әскер аралас қағида бойынша толықтырылып жатыр. Қарулы күштер қатарында мерзімді қызмет сарбазы да, келісімшарт бойынша қызмет ететін сарбаздар да жүр. Қатардағы және сержанттық құрамның әскери қызметшілерінің 65 пайызы келісімшарт бойынша қызмет етіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети