30 сәуір 2021 10:59

Қазақстан ауылдарына құйылатын инвестиция азайды - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Қазақстанда әрбір ауыл тұрғынына бір жыл бұрынғы 202 мың теңгеге қарағанда бір тоқсанда 131 мың теңге капитал салынған. Биылғы қаңтар-наурызда ауылдық жерлердегі негізгі капиталға салынған инвестициялар бір триллион теңге болды. Ол бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 35,4 пайызға аз. Нақты төмендеу мөлшері 36,2 пайыз болған, - деп хабарлайды Finprom.kz.


Қазақстанда әрбір ауыл тұрғынына бір жыл бұрынғы 202 мың теңгеге қарағанда бір тоқсанда 131 мың теңге капитал салынған. Биылғы қаңтар-наурызда ауылдық жерлердегі негізгі капиталға салынған инвестициялар бір триллион теңге болды. Ол бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 35,4 пайызға аз. Нақты төмендеу мөлшері 36,2 пайыз болған, - деп хабарлайды Finprom.kz.

Егер салыстыратын болсақ, өткен жылы қаңтар-наурызда инвестиция көлемі 1,6 триллион теңге болып, бір жылда 7,7 пайызға артқан.

Өңірлік бөліністе инвестициялардың ең көп көлемі Атырау облысының ауылдық жерлеріне тиесілі: бүкіл елдің 45,8 пайызы немесе 462,1 миллиард теңге. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 51,5 пайызға аз. Жетекші үштікке Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары да кірген.

2021 жылдың басында елде 18,9 миллион адам болған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3 пайызға көп. Оның 40,9 пайызы ауылдарда 7,7 миллион адам. Көрсеткіш жылына 0,1 пайызға азайған.

Халықтың жан басына шаққандағы ең көп қаржы Атырау облысына тиесілі: 1,5 миллион теңге. Сондай-ақ, көшбасшылар қатарында Ақтөбе (255,9 мың теңге) және Батыс Қазақстан (166,2 мың теңге) облыстары бар. Ең төменгі мән Түркістан облысында тіркелген. Барлығы 17,5 мың теңге.

Үш айда барлық күрделі салым көлемі ішінде ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар 469,2 миллиард теңге болды. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 27,2 пайызға аз. Тағы 211,7 миллиард теңге (жылына минус 48,8 пайыз ақшалай түрде) көлік, жабдықтар мен көлік құралдарын сатып алуға және оларды күрделі жөндеуге бағытталған.

Ауылдағы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыру үшін Ұлттық экономика министрлігі "Ауыл - Ел бесігі" жобасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр, делінген Қазақстан премьер-министрінің ақпарат ресурсында. Ауылдық елді мекендердің инфрақұрылыммен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілуі 2020 жылы ел бойынша 60,3 пайыз болған.

Ең жоғары көрсеткіштер Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалған. 2021 жылы "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында 1,3 миллион адам тұратын 480 ауылды дамытуға 105 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети