03 қазан 2023 | 11:39

Қазақстан айыппұлдан қанша "табыс тапты"?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жыл басынан бері Қазақстанда 6,8 миллион әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жыл басынан бері Қазақстанда 6,8 миллион әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкі мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың 8 айында шамамен 6,8 миллион әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. 5,5 миллион құқық бұзушыға 128,2 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 ммиллиард теңгесі өндірілгені айтылды.

"Өз кезегінде айыппұлдардың басым бөлігі немесе 4,6 миллион айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 44,1 миллиард теңге сомасына 50 пайыз жеңілдікпен төленді. Биыл әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68,8 пайыз болды", - делінген хабарламада.

Ең көп айыппұл салынған өңірлер:

  • Алматыда – 16,8 миллиард теңге сомасына 1 миллион құқық бұзушылық, 12,7 миллиард теңге төленді.
  • Астанада – 12,7 миллиард теңге сомасына 800 мың құқық бұзушылық, 8,6 миллиард теңге төленді.

Ең азы Павлодар облысында 11,8 миллиард теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 миллиард теңгесі төленген. Барлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың 95 пайызын ішкі істер органдары анықтаған.

Ішкі істер органдары 5,3 миллион құқық бұзушыға шамамен 68,4 миллиард теңге көлемінде айыппұл салған, оның ішінде мемлекет бюджетіне 51,7 миллиард теңге түскен.

Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камераларымен тіркелген құқық бұзушылықтар құрады, олар бойынша 38,1 миллиард теңге сомасына 3,4 миллион аса ұйғарым шығарылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.65   525.26   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети