30 желтоқсан 2014 10:39

Қазақстан азаматтары жұмыс орны бойынша тіркеуге тұра алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©diapazon.kz ©diapazon.kz

Қазақстан Үкіметі өз баспанасы жоқ азаматтарға жұмыс орнына тіркелуге рұқсат берді. Бұл туралы ақпаратты Ішкі істер министрлігінің өкілдері таратты, - деп хабарлайды "Жетінші арна". Полицейлердің айтуынша, мұндай пункт тиісті заңнамаға енгізілді.


Қазақстан Үкіметі өз баспанасы жоқ азаматтарға жұмыс орнына тіркелуге рұқсат берді. Бұл туралы ақпаратты Ішкі істер министрлігінің өкілдері таратты, - деп хабарлайды "Жетінші арна". Полицейлердің айтуынша, мұндай пункт тиісті заңнамаға енгізілді.

"Егер бұрын еш жерде тіркеусіз жүргендерге айыппұл қарастырылса, қазір енгізілген түзетулерге байланысты 10 күннен 3 айға дейін тіркеусіз жүргендерге ескерту қарастырылады. 3 айдан артық уақыт тіркеусіз жүргендерге айыппұл салынады. Өз баспанасы жоқ адамдардың әйтеуір бір жерде тұратыны анық, біреулер пәтер жалдап тұрады - олар есепке алынуы керек немесе жұмыс орны бойынша тіркеуге тұруы тиіс", - деп мәлімдеді министрлік өкілі Дулат Ысқақов. 

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, құқық қорғау органдарының еш жерде тіркеусіз жүрген қазақстандықтарға айыппұл салатыны хабарланған еді. Бұған қоса, өзімен бірге тұрмайтын адамдарды да пәтеріне тіркеуге алған қожайындардан да айыппұл өндіріледі. Айыппұл мөлшері 10 мың теңгеден аспайды. 

Адвокат Жохар Өтебековтің айтуынша, "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" жаңа кодексте тек пәтер қожайындарына айыппұл салу ғана қарастырылған. Ал "өзінің тіркелген пәтерінде тұрмайтын азаматтарға ешкім айыппұл сала алмайды" деді заңгер.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети