Қазақстан бидай импортына тағы да тыйым салады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан бидай импортына тағы да тыйым салады Фото:depositphotos.com

Қазақстан бидай импортына тыйым салуды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрінің тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан бидай импортына тыйым салуды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрінің тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда 6 ай мерзімге бидайды автомобиль, су және теміржол көлігімен әкелуге тыйым салу көзделеді. Шектеу Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне де, басқа мемлекеттерге де қолданылады.

Құс фабрикаларына, ұн тарту кәсіпорындарына, лицензияланған элеваторларға және "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясына теміржол арқылы жеткізілетін өнімдерге ерекшелік жасалады.

Бұл ретте құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындары үшін әкелінген бидайды ішкі немесе сыртқы нарықтарда қайта сатуға тыйым салынады.

Құжатты әзірлеушілердің атап өтуінше, бұл тыйым Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдарға, сондай-ақ ЕАЭО елдері арасында республика аумағы арқылы жүзеге асырылатын тасымалдарға әсер етпейді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шара қазақстандық өндірушілерді қолдауға және отандық өнімнің тұрақты өткізілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын алға тартады.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Қазақстанда бидай импортына тыйым салынған болатын. Оның мерзімі 2025 жылғы 1 қаңтарда аяқталды. Сол кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі бұдан былай импортқа шектеу қойылмайтынын мәлімдеген еді.

Болашақта бидай импортын реттеудің кез келген тарифтік емес шараларын енгізу мәселесі астық нарығындағы жағдайды ескере отырып шешіледі деп жоспарланған болатын. Атап айтқанда, сөз астық қоры, нарықтағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімі, отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау, "сұр импортпен" және заңсыз реэкспортпен күресу шаралары, сондай-ақ әлемдік астық нарығындағы ахуал туралы болып отыр.

Қазақстанға бидай әкелуге тыйым салу ішкі нарықты қорғау және астық реэкспорты фактілерін болдырмау мақсатында енгізілген.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.23   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +26
Ақтау +26
Ақтөбе +26
Атырау +30
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +26
П
Павлодар +21
Петропавл +26
С
Семей +22
Т
Талдықорған +28
Тараз +30
Түркістан +27
О
Орал +22
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер