Қазақстан БҰҰ ең қиын миссияларының біріне бітімгерлерді жіберді

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан БҰҰ ең қиын миссияларының біріне бітімгерлерді жіберді Қорғаныс министрлігі

Қазақстан бітімгерлердің үшінші құрамын Голан жоталарына шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстан бітімгерлердің үшінші құрамын Голан жоталарына шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік ақпаратынша, Алматыдағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 61993 әскери бөлімінде салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Қарулы күштердің 139 әскери қызметшісі "БҰҰ бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" миссиясы құрамында қызмет етеді.

Анықтама: Голан жоталары - Таяу Шығыстағы Израиль мен Сирия арасындағы даулы таулы аймақ. 1974 жылдан бастап онда БҰҰ-ның бөлінушілікті бақылау күштері орналасқан, олар атысты тоқтатуды және екі тарап арасындағы демаркация сызығын бақылайды. Бұл аймақ Таяу Шығыс қақтығысындағы ең шиеленіскен нүктелердің бірі болып саналады.

Әскерилер плацта салтанатты саппен жүріп өтіп, одан әрі қарай Алматы халықаралық әуежайына кеткен. Содан кейін олар Голан жоталарына аттанады.

Қазақстанның БҰҰ миссиясына қатысуы

Қазіргі таңда 150-ден астам қазақстандық бітімгер БҰҰ Таяу Шығыстағы және Африка континентіндегі 7 миссиясына әскери бақылаушы, штабтық офицер және жеке дербес әскери контингент ретінде қатысып жатыр.

Атап айтқанда, Ливанда, Сирияда, Батыс Сахарада, Оңтүстік Суданда, Конго Демократиялық Республикасында, Орталық Африка Республикасындағы БҰҰ миссияларында қазақстандық бітімгерлер бар.

Бұған дейінгі екі құрам Голан жоталарында қызмет еткен кезде қойылған барлық міндеттерді ойдағыдай орындап, БҰҰ миссиясы мен Хатшылығының басшылығынан жоғары баға алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 467.69   543.24   6.46 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер