Қазақстан бюджеті мұнай бағасының төмендеуіне байланысты кірісінің бір бөлігінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан бюджеті мұнай бағасының төмендеуіне байланысты кірісінің бір бөлігінен айырылды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2025 жылы Қазақстан бюджеті жоспарланғаннан аз табыс тапты. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Мәжіліс отырысында бюджетке қанша қаражат түспей қалғанын және бұған не себеп болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


2025 жылы Қазақстан бюджеті жоспарланғаннан аз табыс тапты. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Мәжіліс отырысында бюджетке қанша қаражат түспей қалғанын және бұған не себеп болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

21 мамырда Мәжілісте 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептер таныстырылды. Дәурен Темірбековтің айтуынша, былтыр бюджетке жоспарланғаннан 336 миллиард теңге аз түскен: 21,4 триллионның орнына 21,1 триллион теңге.

Толығырақ

Жалпы, бюджетке ең көп қаражат салықтар бойынша, атап айтқанда, КТС (корпоративтік табыс салығы) пен ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша түспей қалған.

Вице-министрдің сөзінше, салық түсімдері бойынша жоспар 730 миллиард теңгеге орындалмай қалған. Сонымен қатар, шығынның бір бөлігі салықтық емес түсімдер есебінен өтелген көрінеді, бұл бағытта жоспар 388 миллиард теңгеге артығымен орындалды.

Мұнай мен қорғасын бағасының арзандауы және геосаяси жағдай салдарынан қаржы түспегені белгілі болды.

"Жоспардың орындалмауына негізгі факторлар ретінде 2025 жылға бекітілген бюджетпен салыстырғанда мұнай бағасының 6 долларға төмендеуі, 3 елмен экспорт көлемінің 1,7 миллиард долларға азаюы, қорғасын бағасының 5,3 пайызға құлдырауы әсер етті. Осы факторлардың барлығы, сондай-ақ геосаяси жағдай республикалық бюджетке салық түсімдерінің азаюына әкеп соқты", – деді Дәурен Темірбеков.

Бұған дейін Республикалық бюджеттің жалпы тапшылығы былтыр 4,1 триллион теңге болғанын жазған едік.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.26   548.16   6.65 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер