30 сәуір 2021 13:06

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге өседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы орта есеппен 561 мың теңгеге дейін көтеріледі және Қазақстандағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы, дәрігерге - 30 пайызға, орта медицина қызметкеріне - 20 пайызға өсті. Осылайша 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 561 мың теңге, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 210 мың теңге болады", - деді Цой халыққа есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, министр халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтауда кадрлық ресурс маңызды екенін айтты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта еліміздегі дәрігерлер саны 76 мың, оның 32 мыңы бейінді мамандар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети