Қазақстан ел аумағынан ірі қара мал етін әкетуге алты ай мерзімге квота енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті бұйрық жобасын "Ашық НҚА" сайтында Ауыл шаруашылығы министрлігі жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан ел аумағынан ірі қара мал етін әкетуге алты ай мерзімге квота енгізуді жоспарлап отыр. Тиісті бұйрық жобасын "Ашық НҚА" сайтында Ауыл шаруашылығы министрлігі жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұйрық жобасын әзірлеуге биылғы 26 маусымдағы Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімі негіз болды.
"Бұйрық жобасында алты ай мерзімге ірі қара мал етін (жаңа сойылған немесе салқындатылған және мұздатылған) Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шығаруға 25 мың тонна көлемінде сандық шектеулер (квоталар) енгізу көзделген", - делінген құжаттың қысқаша сипаттамасында.
Квоталар отандық ет өңдеу кәсіпорындарының шикізат базасын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемдерін ұлғайту, ел ішінде қосылған құнды арттыру, қосымша жұмыс орындарын құру, сондай-ақ ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру мақсатында енгізіледі.
Құжат биылғы 1 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.
Қазақстаннан ет экспорттауға тыйым салу
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Қазақстанда үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне ет экспорттауға арналған квоталарды бөлу ережелері күшіне енген болатын. Бұл норманың қолданылу мерзімі 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасатыны хабарланған болатын. Ол кезде ет экспортының жалпы квота көлемі 20 мың тонна деңгейінде белгіленген.
Квота 2025 жылғы 20 қазанда енгізілген болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігі шектеудің негізгі мақсаты ретінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, өнімді терең өңдеуді ынталандыруды, ашық статистиканы қалыптастыруды және еттің шығу тегін қадағалауды атады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда сиыр етін экспорттауға шектеу қойылды: министр себебін түсіндірді