19 қаңтар 2022 | 11:44

Қазақстан электр энергиясы нарығын Ресей және ЕАЭО-мен біріктіруді жоспарлап отыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Жаңа энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжілісте электр энергиясы нарығын ЕАЭО елдерімен біріктіру жоспарын таныстырды. Депутаттар қазақстандықтар үшін электр энергиясы бағасы өсетініне алаңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жаңа энергетика министрі Болат Ақшолақов Мәжілісте электр энергиясы нарығын ЕАЭО елдерімен біріктіру жоспарын таныстырды. Депутаттар қазақстандықтар үшін электр энергиясы бағасы өсетініне алаңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәселе ЕАЭО-ның ортақ электр энергетика нарығын қалыптастыру үшін 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу хаттамасын ратификациялау туралы заң жобасына енді.

"ЕАЭО-ның ортақ электр энергетика нарығын Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің ұлттық электр энергиясы нарығын интеграциялау арқылы қалыптастыру жоспарланып отыр. Электр энергиясы нарығын құру әсері өндіруші қуатты пайдалану тиімділігін арттырудан, электр энергиясының өзара және сыртқы сауда көлемінің артуынан көрінеді. Сондай-ақ, энергия өндіруші ұйымдар арасында бәсекелестік артуы мүмкін", - деді Ақшолақов.

Оның айтуынша, хаттамада мүше мемлекеттердің электр энергетика жүйелері бойынша одақтың ортақ электр энергетика нарығын кезең-кезеңімен қалыптастыру және дамыту жобасы сипатталған.

"Электр энергиясын жеткізуде жоспарлы мәннен сағаттық ауытқуларды реттеу үшін механизм жасау жоспарланып отыр. Бұл келісімге сай кестелерді сақтауда жауапкершілікті арттырады", - деп нақтылады ол.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева ұлттық электр нарығы интеграциясы салдарынан қандай экономикалық нәтиже күтуге болатынын сұрады.

"Бұл интеграция отандық тұтынушылар үшін электр энергиясы бағасының өсуіне алып келмей ме?", - деді депутат.

Ақшолақов мемлекеттер параллель жүйе арқылы жұмыс істейтінін және Қазақстанда электр энергиясының жетіспеушілігі немесе тапшылығы туындаған кезде Ресейден келетін энергия пайдаланылатынын нақтылады.

"Бұл тікелей баға өсуіне әкелмейді. Бірақ электр энергиясы бойынша ғана емес, сонымен қатар тауарлардың басқа топтары бойынша да баға сәйкес келмейтінін түсіну керек. Бұл жағдайда жүйе тұрақты жұмыс істейді деп сенеміз. Қазақстанның энергия жүйесінің тұрақтылығын ЕАЭО-ға мүше шекаралас мемлекеттермен өзара іс-қимыл бойынша дұрыс және айқын қағидалар есебінен күшейтеміз", - деп нақтылады министр.

Ол заң жобасы баға өсуіне тікелей әсер етпейтінін түсіндірді, өйткені ол тек өзара әрекеттесу ережелеріне бағытталған.

"Бірақ импортқа қатысты мәселе бар. Қымбат электр энергиясы импортталса, бұл баға өсуіне әкеледі. Бірақ бұл Қазақстанның ішкі саясатына байланысты емес. Біз өз бағаларымызды сақтаймыз. Тапшылық болып, электр энергиясы Қазақстанға қарағанда қымбат саналатын Ресейден көп мөлшерде келсе, шекарада киловатт үшін шамамен 25 теңге болады. Бұл өте қымбат, содан кейін желілер арқылы ол өте қымбат келеді", - деп ескертті Ақшолақов.

Министрдің айтуынша, бұған жол бермеу үшін ведомство екі міндет бойынша жұмыс істейді: электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіруді арттыру, ескірген магистраль және өңірлік желілерді қалпына келтіру.

Депутаттар хаттаманы ратификациялауды мақұлдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети