13 мамыр 2022 | 14:15

Қазақстан Eurovision-2022 трансляциясын көрсетуден бас тартты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/EurovisionSongContest Фото: facebook.com/EurovisionSongContest

"Хабар" агенттігі 2022 жылы Eurovision байқауын көрсетуден бас тарту себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Хабар" агенттігі 2022 жылы Eurovision байқауын көрсетуден бас тарту себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Агенттік биылғы байқаудың гранд-финалы көрсетілімінен бас тартуға мәжбүр (2022 жылғы 15 мамырға қараған түні). Себебі шоу өте төмен рейтинг жинағандықтан осындай шешімге келдік. Бұдан бөлек, еліміздің әншілерді байқауға жіберуге құқы жоқ, ал мұндай ауқымды шараға лицензиялық төлемдер төленуі тиіс. Сондай-ақ, байқаудың онлайн көрсетілім уақыты да отандық телекөрерменге ыңғайсыз - байқау біздің уақытпен түнде өтеді", - делінген агенттіктің әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Бұл ретте "Хабар" 2022 жылдың желтоқсанында Арменияда өтетін Junior Eurovision ән байқауына қатысуға үмітті.

Бұған дейін агенттік жыл сайын Eurovision байқауын трансляциялап келген. 2016 жылы "Хабар" Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдастырылған мүшесі мәртебесін алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети