05 желтоқсан 2014 12:51

Қазақстан Франциямен арада тауар айналымын ұлғайтуға мүдделі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2014 жылы бес миллиард долларға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиевке сілтеме жасап. 


Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2014 жылы бес миллиард долларға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиевке сілтеме жасап. 

"Соңғы жылдары, әсіресе, соңғы үш жылда Франция Қазақстанның жетекші сауда әріптестері қатарына еніп, бесінші орынға ие болды. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша тауар айналымы бес миллиард долларға жуықтады. Келешекте тауар айналымын ұлғайтуға барлық негіз бар", - деді ол Астанада Қазақстан-Франция бизнес-форумында. 

Вице-министрдің айтуынша, Франция - Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі. 2005-2014 жылдар аралығында инвестициялар көлемі 8 млрд евроға жуықтады.

"Бүгінде Қазақстанның мұнай-газ, атом, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, көлік салалары және қызмет көрсету сфераларында француздың 100-ден астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Екі елдің бизнесі айтарлықтай белсене түсті, француз кәсіпкерлері бірлескен жобаларға көп қатысып, оларды инвестициялай бастады, өздеріне жаңа перспективалар аша бастады", - деді Сағадиев. 

Ол қазақстандық кәсіпорындардың француз нарығына шығу мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын айтты. "Жуық арада ғарыш спутниктерін, атом реакторларына арналған отынды, күн батареяларын және басқа да өнімдерді шығару жоспарланып отыр. Айтарлықтай табыстарға қарамастан, бізге экономика саласындағы жоғары қарқындарды бәсеңдетпей, басталған екіжақты жобаларды іске асыруға ерекше көңіл аудару қажет", - деді вице-министр. 

Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстан-Франция бизнес-форумы шеңберінде жалпы құны 530,3 миллион доллар болатын 15 коммерциялық келісімге қол қойылады. Шараға барлығы 250 делегат қатысып жатыр: бизнесмендер, ұлттық компаниялар, қаржы институттары, үкіметтік емес сектор мен оқу орындары өкілдері. 

Бүгінде Қазақстан мен Франция арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мұнай-газ, тау-кен, аэроғарыш, атом өнеркәсібі, көлік құрастыру, банк секторы және ауыл шаруашылығы болып отыр.

Айта кетейік, Астанада Франция президенті Франсуа Олланд жұмыс сапарымен жүр. Бүгін ол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети