02 сәуір 2014 13:38

"Қазақстан ғарыш сапарының" бұрынғы басшысы Мырзақұлов сот үкімімен келіспейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото gharysh.kz сайтынан Фото gharysh.kz сайтынан

"Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" АҚ бұрынғы басшысы Ғабдуллатиф Мырзақұлов соттың бүгінгі үкіміне қарсы шағым түсірмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі кінәлі азаматтың адвокатына сілтеме жасап. 


"Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" АҚ бұрынғы басшысы Ғабдуллатиф Мырзақұлов соттың бүгінгі үкіміне қарсы шағым түсірмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі кінәлі азаматтың адвокатына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, бүгін Астана қаласының мамандырылған ауданаралық соты "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" АҚ бұрынғы басшысы Ғабдуллатиф Мырзақұловтың қылмыстық ісі бойынша үкім шығарды. Ірі көлемде пара алған ол 12 жылға сотталып, оны қатаң режимдегі коллонияға өтеуге кесілді. Мырзақұлов сотта өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол соттың бүгінгі үкіміне қарсы шағым түсірмек. 

"Мырзақұлов соттың бұл үкімімен келіспейді. Сот пен тергеу амалдары барысында да келіскен жоқ. Сондықтан аппеляциялық шағымды дайындайтын боламыз. Әзірше, үкімді алып, оны жан-жақты зерделеп шығамыз. Сосын міндетті түрде қарсылық білдіріп, шағым түсіреміз", - деді бүгінгі сот отырысынан кейін Мырзақұловты қорғайтын адвокаттардың бірі Мұхамбетқали Шайхин. 

Сот материалдары сәйкес, Ғ.Мырзақұлов өткен жылы тамыз айында қамауға алынған болатын. Сол кезде ол ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешені құрылысы бойынша тендерде жеңгені үшін 12 миллиард теңге, сондай-ақ бас мердігердің өзінен 210 миллион теңге көлемінде пара талап еткені үшін айыпталды. Сол ақшамен өз пәтерінде  ұсталды. Бұдан бөлек, "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы 2012-2013 жылдары аралығында пара алып, 90 миллион теңге көлеміндегі қыруар қаражатты жылжымайтын мүлікті сатып алу арқылы заңдастырған. Оның барлығын ол туған-туыстардың атына рәсімдеген. Онымен қоймай, жақын адамдары арқылы 77,1 миллион теңгеге Астанада бір элиталық коттедж бен екі пәтер салдыртқан. Сосын 90 мың долларға Алматы облысында 342 гектарды құрайтын 7 жер телімін сатып алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети