Алматы аумағынан 500 КамАЗ қар шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы аумағынан 500 КамАЗ қар шығарылды ©Ярослав Радловский

Алматыда жолдарды қардан тазалау жұмысы жалғасып жатыр. Бір тәулік ішінде 500 КамАЗ-дан астам қар шығарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алматы тазалық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына сілтеме жасап. Кәсіпорын басшысы Эльдар Келдібаевтың мәліметінше, қар жауғалы бері Алматы көшелеріне 650 техника жұмысқа шықты. "Бүгінгі таңда 4400 текше метр қар жиналып шығарылды, көшелерге 6600 тонна инертті материал себілді. Қар тазалауға 900 жұмысшы қатысып жатыр", - деді Келдібаев. Жұмысшылар түнге қарай қала көшелерін түгел тазалап шыққалы отыр. Келдібаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Алматыда қозғалысы қиындаған көшелер қалған жоқ. "Қазір біз көлікті қаңтаруға тыйым салынған көшелердегі және таулы тұстардағы қарды ғана тазалап жатырмыз, сондықтан қала сыртына қардың көп мөлшері әлі шығарыла қойған жоқ", - дейді "Алматы тазалық" мекемесінің басшысы. "Қазгидромет" кәсіпорнының мамандары алдағы тәулікте еліміздің көп бөлігінде тағы да қар жауатынын айтып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети