16 мамыр 2018 | 15:54

Қазақстан Газа секторындағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©REUTERS Сурет ©REUTERS

Қазақстан делегациясы күн тәртібіндегі "Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі" тармағына сәйкес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше сессиясына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан делегациясы күн тәртібіндегі "Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі" тармағына сәйкес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше сессиясына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде Қазақстан Республикасы Израиль Мемлекеті мен Газа секторы шекарасында палестиналықтардың наразылық шеруін басуға байланысты бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар туралы хабарды терең алаңдаушылықпен қабылдағандығын атап өтті.

"Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықты көптеген құрбандыққа алып келген зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға бағытталған жан-жақты шараларды қабылдауға шақырады", - деп мәлімдеді Омаров.

Қазақстан, сонымен қатар, екі тарапты бейбітшілік күш-жегерлерді бұзатын және палестиналықтар мен израильдіктер арасындағы шиеленісті одан әрі ушықтыруға ықпал етуі мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында сабырлық пен ұстамдылыққа шақырды. Сондай-ақ, қол жеткізілген халықаралық келісімдерге сәйкес тараптарға Иерусалимнің тарихи статус-квосын сақтау туралы үндеу айтылды. Тұрақты өкіл өз сөзінде "Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының шешімдері мен қарарларына қатысты өз айнымастығын растай отырып, бейбіт саяси процестің аясында Таяу Шығыстағы жағдайды толыққанды реттеу үшін дәйекті және жүйелі түрде қолдау көрсетеді" деп атап өтті.

Тұрақты өкіл Палестинаның мемлекеттілікке құқығын және Израильдің қауіпсіздікке құқығын саяси, экономикалық және экологиялық өлшемдерде, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлер саласындағы сенім шараларының қолданылуын қамтамасыз етуді қоса алғанда алдын алу дипломатиясының тиісті құралдарын қолдану арқылы қамтамасыз етуге шақырды.

Еске салайық, Газа секторындағы қақтығыс Израиль мемлекеттігінің 70 жылдығына орайластырып, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге ауыстыруына байланысты толқулардан басталды. Тәртіпсіздіктерге жауап ретінде Израиль әскері наразылық қатты білдіріп жатқан орындарға оқ атты. Израиль премьері Биньямин Нетаниьяху бұл әрекетті өзін қорғау деп атады. 

Осыдан кейін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 60-қа жуық палестиналық қаза тапқан Газадағы оқиғаға байланысты Вашингтон мен Тель-Авивтен елшілерін шақыртып алған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети