15 мамыр 2018 11:14

Израиль әскерімен қақтығыстан мерт болған палестиналықтар саны 59-ға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AFP 2018 / Mahmud Hams © AFP 2018 / Mahmud Hams

Газа аймағының шекарасында Израйль әскерімен қақтығыс салдарынан қаза болған палестиналықтар саны 59 адамға жетті. Олардың ішінде газға уланған 8 жастағы қыз бар, - деп хабарлайды РИА Новости автономияның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Мұның алдында 55 адамның мерт болғаны хабарланған болатын. 

 "Сегіз жастағы палестиналық қыз Лейла Анвар Гандур Газа аймағының шығыс жағында газға уланып қаза болды", - дейді ведомство өкілдері.

Газа секторындағы қақтығыс Израиль мемлекеттігінің 70 жылдығына орайластырып, АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге ауыстыруына байланысты толқулардан басталды. 

Тәртіпсіздіктерге жауап ретінде Израиль әскері наразылық қатты білдіріп жатқан орындарға оқ атты. Израиль премьері Биньямин Нетаниьяху бұл әрекетті өзін қорғау деп атады. 

Израиль қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шекараның 12 аумағындағы наразылыққа 35 мың адам қатысқан. Ереуілдегендер қолдан жасалған жарылығыш заттар мен өртенгіш қоспалар құйылған шөлмектер лақтырған, дөңгелеп өртеп, шекаралық қоршауды бұзбақ болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети