Ердоған Газадағы оқиғадан кейін АҚШ пен Израильдегі елшілерін шақыртып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ердоған Газадағы оқиғадан кейін АҚШ пен Израильдегі елшілерін шақыртып алды © REUTERS

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 60-қа жуық палестиналық қаза тапқан Газадағы оқиғадан кейін Вашингтон мен Тель-Авивтен елшілерін кеңес беру үшін шақыртып алу туралы шешім қабылдады деп мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости


"Түркия бұған қатысты қатаң әрекет етеді. Вашингтон мен Тель-Авивтегі елшілерімізді кеңес үшін шақыртып алдық. Ислам ынтымақтастығы ұйымының шұғыл саммитін өткіземіз - жұмада Еникапыда (Ыстамбұлда) кездесеміз деген үміттемін. Сонымен бірге, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынамыз. Көптеген басшымен келіссөз өткіземіз. Ертеңнен бастап үш күндік ұлттық аза тұтуды бастаймыз", - деді Ердоған Ұлыбританиядағы сапары кезінде NTV арнасына. 

Мұның алдында Газа аймағында Израиль әскерімен қақтығыстан 59 адамның қаза тапқаны, оның ішінде 8 жастағы қыздың бары хабарланған болатын. Ал 2 771 адам, оның ішінде 79 әйел зардап шеккен. 


© РИА Новости

Наразылық 14 мамырда АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге ауыстыру шешіміне қатысты басталған болатын. Израйль әскері наразылық танытып жатқандарға қарсы оқ атып жатыр. 

Әлем бойынша бірқатар саясаткер Газадағы зорлық-зомбылықтың өршуіне қатысты алаңдаушылық білдірді. Палестина басшысы Махмуд Аббас адамдардың өліміне байланысты үш күндік аза тұту жариялады. 


© REUTERS

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +17
Ақтау +24
Ақтөбе +19
Атырау +26
Б
Балқаш +18
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +22
С
Семей +21
Т
Талдықорған +22
Тараз +23
Түркістан +22
О
Орал +21
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер