19 наурыз 2015 | 23:57

Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІ сессиясы 23 сәуірде өтетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pda.kzinform.com сайтынан Фото pda.kzinform.com сайтынан

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма екінші сессиясы 2015 жылғы 23 сәуір күні Астана қаласында "Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр" күн тәртібімен шақырылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы ассамблеясының жиырма екінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген өкімде. 

Еске салайық, Қазақстан халқы ассамблеясының XXI сессиясы Астанада 2014 жылдың 18 сәуірінде өткен еді. Ол "Қазақстан-2050" Стратегиясы: әлем мәдениеті, руханилық пен келісім" тақырыбына арналды. Сессия жұмысына ҚХА мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар мен діни конфессия жетекшілері, ғылым мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сессия барысында Қазақстан халқы ассамблеясы мен Конституцияның 20 жылдығына орай Назарбаев 2015 жылды Ассамблея жылы деп жариялады. Ол ҚР Үкіметіне тиісті іс-шаралардың ұлттық жоспарын әзірлеуді және Астанада өтуі тиіс Қазақстан халқы форумын ұйымдастыруды тапсырды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети