Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 18 сәуірде өтеді

18 Наурыз 2014, 16:34
0
Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 18 сәуірде өтеді - ҚХА логотипі
ҚХА логотипі
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы 2014 жылдың 18 сәуірінде өтеді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бірінші сессиясы 2014 жылғы 18 сәуір күні Астана қаласында "Қазақстан-2050" стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті" күн тәртібімен шақырылсын", - делінген Мемлекет басшысының өкімінде.

ҚР Үкіметіне Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бірінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - ҚР Президенті құрған заңды тұлға құрылымынсыз мекеме, оның басты міндеті - мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік және азаматтық институттар өзара әрекетінің тиімділігін арттыру.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай