09 қыркүйек 2014 18:57

Қазақстан халқының әл-ауқаты 15 есеге артты - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан халқының әл-ауқаты 15 есеге жақсара түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.


Қазақстан халқының әл-ауқаты 15 есеге жақсара түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Біздің Тәуелсіздігімізге 20 жылдан сәл ғана асты, ал осы жылдары еліміздің экономикасы 16 есеге өсіп, халықтың әл-ауқаты 15 есеге жақсара түсті, бүгінде алтын-валюта сақтық қоры 100 миллиард доллардан асады, мемлекетің қарыздары аз", - деді Назарбаев Қазақстан-Иран бизнес-форумы барысында.

Елбасы Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілетті биылғы ғаламдық есебінің нәтижелеріне сай Қазақстан 144 елдің ішінде 50-орынға орналасқандығын атап өтті. Елбасының айтуынша, келесі жылы біздің ел жан басына шаққанда 14 мың доллар болатын көрсеткішке жетуі керек. Президент сонымен қатар Бүкіләлемдік банктің бизнес жүргізу жеңілдігі жөніндегі жыл сайынғы рейтінгінде Қазақстан қазірдің өзінде 50-орында екенін де тілге тиек етті.

"Жалпы, бұл Кедендік одақ пен біздің басқа да көршілеріміздің арасындағы ең жоғары көрсеткіштер", - деді мемлекет Басшысы. Әрі "Қазақстан – бизнесмендер үшін жаңа мүмкіндіктер" екендігін тілге тиек етіп, осы орайда Иран кәсіпкерлерін Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысуға шақырды.

Сондай-ақ Президент Кеден одағының, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы арқылы Қазақстанда жұмыс жасайтын кәсіпкерлерге 2,5 триллион доллар көлемінде нарыққа жол ашылғандығын, ал бұл нарықтың ауқымы 170 миллион адам екендігіне тоқталып өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети