16 мамыр 2022 22:34

Қазақстан халқының саны өсті

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстандағы адам саны 19 178,8 мыңға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.  


1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстандағы адам саны 19 178,8 мыңға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.  

Қалалықтар саны - 11 419,8 мың (59,5 пайыз), ауылдықтар - 7 759 мың адам (40,5 пайыз). 2021 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 238,3 мың адамға немесе 1,3 пайыз өсті.

2022 жылғы қаңтар-наурызда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда (64,3 мың адам) 10,6 пайызға кеміп, 57,5 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда - 12,13 адам.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-наурызда туғандар саны 95,6 мың адамға жетті, бұл 2021 жылғы қаңтар-наурызға (100,5 мың адам) қарағанда 4,8 пайыз аз.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны - 38,1 мың, бұл 2021 жылғы қаңтар-наурызға (36,1 мың адам) қарағанда 5,4 пайызға көп. 

2022 жылғы қаңтар-наурызда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 828 нәресте тіркелді. 2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда (815 шетінеген нәресте) 1,6 пайызға артты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети