14 қазан 2022 08:03

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық статистика бюросы 1 қыркүйектегі Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы жаңа деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық статистика бюросы 1 қыркүйектегі Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы жаңа деректерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халық саны 2022 жылғы 1 қыркүйекте 19 миллион 666,8 мың адам, оның ішінде қалалықтар - 12 млн 131,1 мың (61,7 пайыз), ауылдықтар - 7 миллион ​​535,7 мың (38,3 пайыз) адам. 2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 163,7 мың адамға немесе 0,8 пайызға өсті", - делінген хабарламада.

2022 жылғы қаңтар-тамызда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда (178,9 мың адам) 3,6 пайызға төмендеп, 172,4 мың адам. 1000 халыққа шаққандағы табиғи өсімнің жалпы көрсеткіші - 13,19.

2022 жылғы қаңтар-тамызда туылғандар саны 263,8 мың адам, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (296,5 мың адам) 11 пайызға аз. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 20,19 туылды.

"Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 91,4 мың адам, бұл 2021 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда (117,6 мың адам) 22,3 пайызға аз. Жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда - 7 өлім.

2022 жылғы қаңтар-тамызда республикада бір жасқа дейінгі 2208 қайтыс болған нәресте тіркеліп, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2345 қайтыс болған нәресте) 5,8 пайызға азайды. Нәресте өлімі 1000 туылғанға шаққанда 8,37 жағдайды құрады", - деп хабарлады статистика бюросы.

2022 жылғы қаңтар-тамызда республикаға келгендер саны 9595 адамды, елден кеткендер саны - 18 275 адам, көші-қон сальдосы - 8680 адам.

Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады. ТМД елдерінен келгендер үлесі 84,4 пайыз, кеткендер - 85,1 пайыз.

Ел ішінде қоныс аударған мигранттар саны 2,1 пайызға азайған. Өңіраралық қозғалыстар бойынша еліміздің үш қаласында: Алматыда (24 711 адам), Астанада (22 960 адам) және Шымкентте (2154 адам) халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети