25 шілде 2014 11:01

Қазақстан Израиль мен Палестинаны қантөгісті тоқтатуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vigivanie.com ©Vigivanie.com

Қазақстан Израиль мен Палестинаны қантөгісті тоқтатуға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Израиль мен Палестинаны қантөгісті тоқтатуға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Газа секторындағы азаматтық халықтың көбінің құрбан болуына әкеліп соққан дағдарыстың ушығуына байланысты алаңдаушылық білдіреді. "Израиль мен Палестинаны қантөгісті дереу тоқтату үшін шұғыл әрі шешуші әрекеттерді қолдануға және бейбіт келіссөздер процесін жандандыруға шақырамыз. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың бастамалары мен келісілген қадамдарын, соның ішінде, ұзақжылдық жанжалды реттеуде өзаратиімді шарттар мен ұстанымдарды қарастырып келе жатқан БҰҰ ұрандарын қолдайды", - делінген таратылған хабарламада.

ҚР Сыртқы істер министрлігі ахуалдың одан әрі ушығуы жанжалдасушы тараптар мен халықаралық қоғамдастықтың ұзақмерзімді бейбітшілік пен аймақтық тұрақтылықты қалыптастыруға күш салуын жоққа шығарып, Таяу Шығыста тұрақсыздықтың болуына әкеліп соғатынын ескертеді.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети