14 сәуір 2020 14:35

Қазақстан қытайлық сайтта жарияланған мақалаға наразылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан қытайлық сайтта жарияланған мақалаға наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан қытайлық сайтта жарияланған мақалаға наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың ҚР-дағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өтіп, оның барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы "Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады" атты мақалаға қатысты наразылық білдірген.

"Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіні атап өтілді. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігінің ҚХР Сыртқы істер министрлігіне нота жолдағаны айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети