15 наурыз 2018 18:29

Қазақстан Қызыл жарты ай қоғамы мен Өтемұратовтың қоры Аягөзде су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Қызыл жарты ай қоғамы мен Болат Өтемұратовтың қоры Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында су тасқынынан үйлері қирап қалған және зардап шеккен азаматтарға көмектеседі.


Қазақстан Қызыл жарты ай қоғамы мен Болат Өтемұратовтың қоры Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында су тасқынынан үйлері қирап қалған және зардап шеккен азаматтарға көмектеседі.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, су тасқынынан 159 үй зардап шеккен, оның 32-сі толығымен қирап қалған және жөндеуге келмейді. 130-дан аса адам үйсіз қалды. Олар № 6 мектеп-интернатында ашылған эвакуациялық пунктіне орналасты. Төтенше жағдайдың ауқымды болуына байланысты көмек көрсетілуі үшін көмек картасы механизмі енгізілді. Зардап шеккендерге ForteBank банкінің арнайы карталары шығарылды. Оған Болат Өтемұратовтың қоры қаражат жібереді. 

Қазіргі уақытта Қызыл жарты ай қоғамы эвакуациялық пунктіне орналастырылған зардап шеккендерге қанша мөлшерде қаражат керегін және өз үйінде қалып не туыстарын пана еткен адамдардың тізімін жасап жатыр. 

16 наурызда, нақты есептеулер шығарылғаннан кейін Қызыл жарты ай қоғамы мен Болат Өтемұратовтың қоры зардап шеккендерге көмек картасын тапсырады. Бірінші болып үйі толығымен қирап қалған азаматтар алады. Бұл қаражат бірінші әрі ең ауыр дағдарыс күндерінен өтуге септігін тигізеді. 

Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысында су басқан ауылдар квадрокоптермен түсірілді. Облыс тұрғыны Иван Егоровтың айтуынша, видео Өскеменнен 12 шақырым жерде түсірілген. Видеодағы кадрлардан көше мен үйлердің су астында қалғанын көруге болады.

"Оңтүстік бөлікте шамамен 30 үй су астында қалды. Ол жақта саяжайымыз бар, көлікжай да су астында қалды, үйдің ішін де су басты. Құтқарушылар түнгі уақытта адамдарды эвакуациялады. Екі көліктің су астында қалғанын көрдім. Кеше біраз жаңбыр жауды, бүгін су кетіп, мұз болып жатыр", - дейді Иван Егоров.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өкілдерінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысындағы құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

"Қазіргі уақытта 15 мың текше метр су тартылды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар суды мотопомп пен инертті материалдармен тартып жатыр. (...) 112 нөміріне әлі де қоңыраулар келіп жатыр. Соңғы 24 сағатта шамамен 3 000 қоңырау келіп түсті. Әрбір қоңырау бойынша жедел штаб өкілдері айналысып жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети