01 тамыз 2015 | 18:04

Қазақстан Литваға Әблязовтің балдызын елге беру туралы өтінім жолдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сырым Шалабаев © Interpol.int Сырым Шалабаев © Interpol.int

Қазақстанның бас прокуратурасы Литваға Сырым Шалабаевты елге қайтару жөнінде өтінім жібереді. "Қазіргі уақытта Бас прокуратура жемқорлыққа қарсы қызметпен бірге 1994 жылдан бергі Қазақстан мен Литва арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық көмектер мен қарым-қатынасқа байланысты келісімшартқа орай Литваның құзыретті органына Шалабаевты экстрадициялау жөнінде өтінім дайындап жатыр", - деп жазылған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің бас қадағалаушы органға жіберген сұрағының жауабында.

Иконка комментария блок соц сети

Шалабаевқа қатысты Қазақстанда тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол "БТА Банк" акционерлік қоғамының 175 миллион теңгесін заңсыз иемденді деген күдікпен іздестіріліп жатыр. Бас прокуратураның мәліметінше, ол Мұхтар Әблязовтің жетекшілігімен құрылған топпен осындай қылмысқа барған. 

Шалабаев 28 шілдеде Вильнюсте ұсталды. 30 шілдеде Вильнюстің жергілікті соты оны 3 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. 2011 жылы Сырым Шалабаевты сотқа құрметсіздік көрсеткені үшін Лондонның Жоғарғы соты 18 айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен болатын. Дегенмен ол сот төрелігінен қашып, нәтижесінде оған іздеу жарияланды.

Еске сала кетейік, Сырым Шалабаевқа Украина билігінің сұранымы бойынша іздеу жарияланған болатын. Ол БТА Банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязовпен және тағы да басқа тұлғалармен бірге Қазақстанда, Украинада, Ресейде және тағы да басқа елдерде бірнеше миллиард доллар сомасында қаражатты иемденіп, жаратты деп айыпталып отыр. Украинада Сырым Шалабаев 300 миллион доллардың мүлкін жаратты және иемденді делінеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети