24 қаңтар 2015 | 11:21

Қазақстан Люксембургпен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Люксембург туы. ©РИА Новости Люксембург туы. ©РИА Новости

Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум шеңберінде Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Люксембург Ұлы Герцогтығы премьер-министрі Ксавье Беттельмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Давоста Дүниежүзілік экономикалық форум шеңберінде Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Люксембург Ұлы Герцогтығы премьер-министрі Ксавье Беттельмен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында қос елдің үкімет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі туралы талқылады. "Кәрім Мәсімов Қазақстанның Люксембургпен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін және өзара тиімді серіктестіктің барлық саласында жемісті диалогты жалғастыруға дайын екенін атап өтті", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, Швейцар Конфедерациясының Давос қаласында 21 қаңтарда басталған Дүниежүзілік экономикалық форум бүгін, 24 қаңтарда аяқталады. ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов форум аясында әлемнің жетекші компаниялары, ірі халықаралық ұйымдар және белгілі қаржы институттары басшыларымен, сондай-ақ шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді. Форумда жаһан бизнесінің өкілдері әлем экономикасындағы қазіргі күрделі мәселелерді және дағдарыстан шығудың жолдарын талқылады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети