Қазақстан мектептері мен балабақшаларында 16 баладан коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мектептері мен балабақшаларында 16 баладан коронавирус анықталды Фото:elements.envato.com

Қазақстанның екі өңірінде балалардан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның екі өңірінде балалардан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

Кожахметовтың айтуынша, Қазақстанның екі өңірінде - Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында мектептердің кезекші сыныптарында және балабақшалардың кезекші топтарында коронавирус инфекциясы анықталған.

"Барлығы 16 бала жұқтырды. Барлық оқу орны жабық, карантин енгізілген. Отбасының барлық мүшесі, байланыста болған барлық - мұғалімдер, басқа топтар мен сыныптардың балалары үй карантиніне ауыстырылды. Әрбір анықталған жағдайдан бастап 14 күн өткен соң осы оқу орындары мен балалар мекемелерінде жұмыстар жүргізіледі және коронавирустық инфекцияны қайта жұқтырмау үшін барлығы қосымша тексеріледі", - деді Қожахметов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети