11 маусым 2021 11:29

Қазақстан мектептерінде арнайы дайындық жүргізіледі - ІІМ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мектептердің қауіпсіздігін тексеру нәтижелері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мектептердің қауіпсіздігін тексеру нәтижелері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ басшысы Қазан мектебінде болған қайғылы оқиғаға байланысты мектептердегі қауіпсіздік мәселесі ерекше өзекті екенін айтты. ІІМ білім беру органдарымен бірлесіп мектептерге тексеру жүргізген.

Оның айтуынша, бірқатар кемшілік анықталған:

  • мектептерді бейнебақылау жүйелерімен 100 пайыз жабдықтағанына қарамастан, олардың жартысына жуығы белгіленген стандарттарға сәйкес келмейді;
  • мектептердің тек үштен бірінен астамы шұғыл ескерту жүйелерімен жабдықталған;
  • мектептердің тек 8 пайызы ғана дабыл қағу түймесімен жабдықталған;
  • кіргізу-шығаруды бақылау 5 пайызға;
  • турникеттермен тек 4 пайыз, металл детекторлармен1 пайызы жабдықталған.

Сонымен қатар, мектептердің тек 6 пайызы күзет ұйымдарымен келісім-шарт жасасқан.

"ІІМ Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған заттардың тізбесін әзірледі. Бұл қару-жарақ, пышақ, жарылғыш құрылғылар және соған ұқсас заттар, пиротехникалық құралдар мен газ баллондары. Ол 2021 жылдың 13 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі", - деді ІІМ басшысы.

Мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке күзет ұйымдарына қосымша біліктілік талаптары енгізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети