01 қыркүйек 2014 11:58

Қазақстан мектептерінде ерлік сабақтары өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан туы. Фото ©Ғизат Мақханов Қазақстан туы. Фото ©Ғизат Мақханов

Қазақстан мектептерінде ерлік сабақтары өткізілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан мектептерінде ерлік сабақтары өткізілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық гвардияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Ұлттық гвардиясы қыркүйектің 1-і мен 3-і аралығында орта білім беру мекемелерінде "Патриотизм мен ерлік, бейбітшілік және келісім сабақтары" деген тақырыпта ашық сабақ өткізбек", - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Әскери бөлімдердің аға офицерлері мен еліміздің барлық облыс орталықтары жанына шоғырланған Ұлттық гвардияның бірлестіктері жоғарғы сынып оқушыларымен патриотизм туралы әңгімелесіп, ата-бабаларымыз жасаған ерліктер жайында айтып бермек. Одан бөлек әскери мамандықтың қыр-сыры туралы, әскери болудың ең басты борышы не екенін, елі мен жері үшін кез келген уақытта дайын тұру керек екені түсіндірілді.

Ашық сабақ барысында Ұлттық гвардия туралы түсірілген деректі фильмдер көрсетіліп, әскерилердің өмірі жайында әңгіме айтылды. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - оқушыларға әр адам өз Отанын қорғамайтын болса, басқа ешкім қорғамайтынын түсіндіріп беру.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети