03 қараша 2020 10:03

Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеу шараларын күшейтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеу шараларын күшейтеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан мемлекеттік шекарадағы шектеу шараларын күшейтеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Кеше, 2 қарашада премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.

Бір ай ішінде сырқаттанушылық деңгейінің ең жоғары өсімі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында байқалады. Үкімет басшысы бизнес субъектілері мен халықтың шектеу шаралары мен карантин режимін сақтауын бақылау жөніндегі мониторингтік топтар қызметінің тиімділігін арттыруды тапсырды.

ВАК бірқатар шешім қабылдады:

І. Мына азаматтар үшін Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу: ҚР аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері үшін; ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктер үшін. Аталған санаттағы тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекарасын 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды (бұған дейін 30 тәулік болған).

II. Визасыз режим бойынша 57 елдің азаматтары үшін визасыз режимді тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 мамырға дейін ұзарту. ҚХР мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұруды 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту.

IІІ. Түркиямен әуе рейстері бойынша 2020 жылғы 9 қарашадан бастап Түркиямен халықаралық әуе рейстерінің санын аптасына 33-тен 20-ға дейін қысқарту.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети