23 қаңтар 2020 09:36

Қазақстан мен Армения "көлік мәселесін" талқылап жатыр

Екі ел билігі Армениядан Қазақстанға көптеп автокөлік экспорттаудан туған "көлік мәселесін" талқылап жатыр, - деп хабарлайды Verelq.am порталы. 


Екі ел билігі Армениядан Қазақстанға көптеп автокөлік экспорттаудан туған "көлік мәселесін" талқылап жатыр, - деп хабарлайды Verelq.am порталы. 

Бұл туралы Армения вице-премьері Мгер Григорян мәлімдеді. Оның сөзінше, Армения Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында ұсынылған жеңілдік кезеңі қоғамдық мәселені шешуге бағытталған. Алайда оның көп жағдайда коммерция мақсатында қолданылуы екі әріптес ел үшін күтпеген жайт болған.

Шетелдік көлікті сатып алу алдында не білу керек?

Григорянның айтуынша, Армения Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерге көлік экспортын тоқтатуы керек болған. 

Сарапшы Армениядан жеткізілетін көліктердің артықшылығы мен кемшілігін атады

"Ол жасалған жоқ, қазір не бар - сол бар. Жағдайды жеңілдететін шешім табуымыз керек. Қазақстан бойынша мәселе басты орында. Бүгінде Арменияда осы мәселені шешуге келген қазақстандық делегация бар. Менің ойымша, бұл мәселе жақын арада шешімін табады", - деп мәлімдеді вице-премьер. 

Қазақстанда шетелдік көліктерді тіркеу қанша тұрады?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети