15 мамыр 2019 18:30

Қазақстан мен Грузия әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

© enbek.gov.kz

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Грузияның Жаулап алынған аумақтардан мәжбүрлі қоныс аударушылар, еңбек, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі министрліктің сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құжатқа Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев және Грузияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Зураб Абашидзе қол қойды.

Реклама
Реклама

Қол қою рәсімі 2019 жылдың 15 мамырында Үкімет үйінде өткен екі елдің премьер-министрлері Асқар Мамин мен Мамука Бахтадзенің екіжақты кездесуі аясында өтті.

Меморандумның мәні әлеуметтік-еңбек саласындағы екі министрліктің арасындағы ақпараттық-талдамалық және ұйымдық өзара іс-қимыл болып табылады.

Министрлік еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілермен алмасу бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша бірлескен кездесулер, консультациялар, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастықтың өзге де нысандарын жүзеге асыруға ниет білдірді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram