09 қыркүйек 2014 13:32

Қазақстан мен Иран басшылары екіжақты ынтымақтастықты талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани. ©Тұрар Қазанғапов

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран президенті Хасан Рухани арасында келіссөздер жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран президенті Хасан Рухани арасында келіссөздер жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иран Ислам Республикасының басшысы Назарбаевқа жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, өз елі мен Қазақстанның арасында қарым-қатынастарды дамытуға ниетті екенін айтты.

"Біздің жоғарғы делегациямыздың, жеке сектор өкілдерінің келуі Иран Ислам Республикасының Қазақстанмен барлық салада қатынастарды дамытуға деген салмақты еркін білдіреді", - деді Рухани.

Нұрсұлтан Назарбаев Иран ядролық бағдарламасы мәселесінің шешімі екі ел арасындағы қатынастардың дамуына ықпал ететінін айтты.

"Қазақстан Иран Ислам Республикасына әлемдегі маңызды әріптестердің бірі әрі Каспий жағалауындағы тату көрші ретінде қарайды. Біз Сізді Ирандағы үлкен мәселенің - ядролық бағдарлама түйткілінің сәтті шешілуіне және келісімдерге келуге қол жеткізеді деп сенеміз. Мұның Иран экономикасының дамуына және біздің өзара қарым-қатынасымызға әсер ететіні белгілі", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті соңғы уақытта екі ел арасында тауар айналымының азайғанын, бірақ биылғы көрсеткіштердің жаман емес екенін атап өтті.

Назарбаевтың айтуынша, кездесу барысында көп салаға қатысты, әсіресе мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымдар салалары бойынша мәселелер талқыланды. Бұл мәселелерді шешу үшін үкіметаралық комиссияға тапсырмалар берілетін болады.

Мемлекет басшысы Иран президентінің бұл сапары мен алдағы бизнес-форум екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді деген сенім білдірді. Айта кетейік, бұл - Иранның жаңа президентінің Қазақстанға алғашқы сапары. Сапар барысында бірлескен бизнес-форум өтеді. Сонымен бірге Рухани Назарбаев Университеті студенттеріне дәріс оқиды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети