09 қыркүйек 2014 | 15:24

Қазақстан мен Иран тауар айналымын бес есе ұлғайтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мен Иран тауар айналымын бес есе ұлғайтуды көздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екі ел президенттерінің келіссөздері барысында барлық салада, соның ішінде, туризм бойынша да екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігі талқыланды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Иран тауар айналымын бес есе ұлғайтуды көздейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екі ел президенттерінің келіссөздері барысында барлық салада, соның ішінде, туризм бойынша да екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігі талқыланды.

"Біріншіден, бұл - ауыл шаруашылығы. Біз Иран бизнесін Қазақстанның ауыл шаруашылығы жобаларына қатысуға шақырамыз, олар бұл салаға мүдделілік танытты. Екіншіден, көлік саласының дамымауы ынтымақтастыққа кедергі келтіріп тұр. Бұл салада көлік-транзит жобалары іске асырылатын болады, олар аймақтық екіжақты тауар-экономикалық ынтымақтастығына үлкен серпін береді. Үшіншіден, инвестициялық байланыстар аясын кеңейту. Бүгінде елімізде Иран тарапының қатысуымен бірқатар инвестициялық жоба жасалып жатыр: Қызылорда облысында әйнек зауытының құрылысы басталады, Қарағанды облысында - металлургиялық зауыт", - деді Назарбаев келіссөздер аяқталған соң.

Тараптар Каспий аймағы бойынша мұнай саласында сауда-қаржы алмасу операцияларын (своп) жандандыру мүмкіндігін де талқылады. 

"Иранда да, Қазақстанда да үлкен мұнай-газ қоры бар. Біз тәжірибе алмаса аламыз, өзара инвестицияларға қол жеткізе аламыз. Сол сияқты біз сауда-қаржы алмасу саласында тығыз ынтымақтастық жасай аламыз. Біз бұрын мұнай саласында сауда-қаржы алмасуларымен айналыстық, бірақ бұл своп тоқтатылды. Бүгінде біз соны жандандыру мүмкіндігін талқыладық, бұл - өте маңызды әрекет", - деді Рухани.

Екі елдің экономикалық ынтымақтастығы Қазақстан - Түрікменстан - Иран - Парсы шығанағы теміржолы іске қосылғаннан кейін одан әрі нығая түспек. Жаңа теміржол қараша айында салтанатты жағдайда іске қосылады.

"Бұл теміржолдың іске қосылуынан соң біздің бидайымыздың саудасы бес есе өседі, қазір 500 мың тонна болса, кейін 2,5 млн тоннаға артады. Теміржол 10 млн тонна жүкті ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді - бұл өте маңызды және осы жолмен Иран Ресей мен Қытай кеңістігіне шыға алады", - деді Назарбаев.

Келіссөздер барысында Иранның солтүстік провинциялары мен Қазақстанның батысы арасында сауда байланыстарын орнату да жоспарланып отырғаны айтылды. Сонымен бірге, ғылыми-техника, мәдениет және туризм саласында ынтымақтастық дамитын болады. "Біз екі ел арасындағы тауар айналымы бес есе ұлғаюы тиіс деп есептейміз", - деді Иран президенті. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети