22 тамыз 2016 16:28

Қазақстан мен Израиль қорғаныс министрлері ұшқышсыз ұшу аппараттарын бірлесіп шығаруға келісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігі © ҚР Қорғаныс министрлігі

2016 жылы 22 тамызда Тель-Авивте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Израильге ресми сапары шеңберінде екі елдің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


2016 жылы 22 тамызда Тель-Авивте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Израильге ресми сапары шеңберінде екі елдің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Бірінші кезекте Иманғали Тасмағамбетов Авигдор Либерманды қорғаныс ведомствосының басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оған мемлекеттің әскери қауіпсіздігін нығайту ісінде сәттілік тіледі.

ҚР Қорғаныс министрлігі басшысының айтуынша, елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас ширек ғасырға таяп қалыпты. Осы жылдар ішінде орасан жұмыс атқарылды. Қазақстан мен Израиль арасында барлық салаларда тығыз ынтымақтастық ретке келтірілді.

"Өздеріңіз білетіндей, кез келген мемлекеттің тиімді дамуының негізгі шарты оның қауіпсіздігі болып табылады. Сіздердің елдеріңізбен қорғаныс саласындағы қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екеніміз заңдылық. Ол үшін бізде әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы мықты құқықтық база бар", - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Достастық жағдайда өткен кездесуде Қазақстан мен Израильдің қорғаныс ведомстволарының басшылары өзара мүдделіліктен тұратын, оның ішінде, екіжақты қарым-қатынасқа қатысты мәселелерді талқылады.

Армиямыз жауынгерлік даярлық бойынша ұтқырлық пен тиімділік деңгейін дамыту жолында ілгерілеп келеді. Осыған орай, дағдарыстық ден қою бойынша операцияларға арналған арнайы мақсаттағы армия күштерін тарту аясындағы израильдік тәжірибені зерделеу белгіленген мақсаттарды іске асыру үшін бірегей тұғырнамадан тұрады. Сондай-ақ, қауіпсіздік аясында ақпарат алмасу маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары технологиялық қару-жарақты өндіру бойынша мәселе қаралды.

Кездесу барысында Қазақстандағы израильдік технология бойынша ұшқышсыз ұшу аппараттарын бірлесіп шығару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Әскери және азаматтық мақсаттарда ҰҰА қолданудың әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, тактикалық ҰҰА құрастырып өндіру және техникалық сүйемелдеуді ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

"Аталған жоба тиісті технологияларды алған және мамандарды оқытқан жағдайда ҰҰА құрастырып өндіру және сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін қажетті өндіріс қуаты мен кадрлық әлеуеті бар Астанадағы авиациялық-техникалық орталықта іске асырылатын болады", - деді Қазақстанның Қорғаныс министрі кездесу барысында.

Одан басқа, израильдік ҰҰА операторларын дайындау орталығының базасында қазақстандық әскерилерді оқытып-үйрету бойынша келісім бар.

Өз кезегінде, Израильдің Қорғаныс министрі бұл сапар қорғаныс ведомстволарының өзара іс-қимылының әрі қарай дамуына жағымды ықпал ететінін атап өтті.

"Барлық конфессиялар мен ұлттар бейбіт өмір сүріп жатқан осыншама төзімділік танытып отырған ең жарқын үлгі ретіндегі тарихи байланысымыз бен Сіздің мемлекетіңізді бағалаймыз. Таяу Шығыста шыдамдылықтың дәл осындай ұғымы болса екен деп армандаймыз. Мұның барлығы Қазақстан Республикасы Президентінің сарабдал саясатының арқасында. Әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатыстының барлығын біз қолдаймыз және белгіленген жоспарларды іске асыру үшін барлық қолдан келетін нәрсені жасауға тырысамыз. Заманауи соғыстың алдыңғыдан айырмашылығы армияның жоғары дәл қаруынсыз сәтті бола алмайтынымен байланысты", - деді Авигдор Либерман.

Ресми сапар шеңберінде ҚР Қорғаныс министрінің басшылық етуімен қазақстандық әскери делегация бірқатар әлемдік әскери техника өндіруші компанияларға барды. "Elbit Systems" әртүрлі қару-жарақ түрлерін, ҰҰА, авионика, радиолокация жүйелерін дайындау және жаңғырту бойынша компания ғарыштық барлау жерсеріктерін әзірлеуге, "Rafael" компаниясы ӘШҚҚ жүйелерінің зымыран және авиациялық технологияларын, тактикалық зымыран қаруын өндіру бойынша қатысады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети